Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бес қабатты үйдің екінші қабатында тұтанған. Қызыл жалын 20 шаршы метрді алаңды шарпыды.
«Өрт туралы қоңырау сағат 12:37-де түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 41 адам мен 13 техника жіберілді. 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і бала. Сағат 13:21-де өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.
Жатақхана ғимаратының бірінші қабатында барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.