Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бөлмедегі заттар мен жиһаз өртенген.
«Қорғаныш капюшонының арқасында 10 адам құтқарылды, оның екеуі - бала. 50 адам эвакуцияланды, оның 16-сы - бала. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамдағы 26 адам мен 9 техника жұмылдырылды.
Алдын ала болжам бойынша, жатақхана тұрғыны темекі шегу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған. Өрттің нақты себебі мен залал көлемі анықталып жатыр.