«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, Петропавлда сәрсенбіде күндіз кешкі 21.00-ге дейін солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін болады.
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тіршілігіне нұқсан келмеуі үшін және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы шаралар қабылдауды ұсынады.