Петропавлда Жеңістің 65 жылдығына арналған қайырымдылық сенбілігі өтеді
12:40, 08 Сәуір 2010
ПЕТРОПАВЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавл қаласының ардагерлер кеңесі қала тұрғындарына сәуірдің 10-ы күні қайырымдылық сенбілік өткізіп, одан түскен қаражатты Жеңістің 65 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуге беру туралы үндеу тастады.
«Тоғызыншы мамырда біз ерекше күнді, Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл мереке әрбір азамат үшін қымбат, себебі біздің елімізде сол соғыстың сұрапылы тимеген отбасы жоқ. Қазіргі ұрпақтың аталары мен әкелері ең қанды және ең қырғын соғыста жандарын пида етіп, бізге бейбіт өмір сыйлады. Біздің қадірлі ардагерлеріміз осынау мерекені лайықты қарсы алуы үшін қолдан келген барлық жағдайды жасау - баршамыздың борышымыз», делінген ақсақалдар кеңесі қабылдаған үндеуде.