Петропавлда Жеңістің 65 жылдығына арналған ретроспективті фильмдерді көрсету акциясы басталды

None
ПЕТРОПАВЛ.  Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ -   Солтүстік  Қазақстан облысында   Ұлы Жеңістің 65  жылдығына әзірлік  жүріп  жатыр.  

 Дүйсенбі күні Петропавлда    осынау  даңқты   мерейтойға арналған  ретроспективті фильмдердің көрсетілімі    басталды. 

Достық үйінің  акт   залында  өткен акцияның   ашылу  рәсіміне Ұлы Отан  соғысының ардагерлері,   қала мектептерінің  оқушылары мен  мұғалімдері,   қоғам өкілдері         жиналды.

Акция  1943 жылы  түсірілген  «Екі жауынгер» фильмінің көрсетілімінен  басталды.