ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Петропавлда жеңіл көлік жүргізушісі абайсызда көшеде жөндеу жұмысын жүргізу үшін қазған шұңқырға түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға бүгін Петропавл қаласындағы Жұмабаев пен Ульянов көшелерінің қиылысында болған. Апаттың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Роликтен көліктің тұмсығымен жерге қадалғанын көруге болады.
Бұған дейін көлігін 5 минуттан артық қыздырған петропавлдыққа салынған айыппұл прокурорлардың араласуынан кейін күшін жойғанын жазған едік.
Ақерке Дәуренбекқызы
Солтүстік Қазақстан облысының тумасымын. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін "журналистика" мамандығы бойынша бітірдім. Бірқатар республикалық телеарналарда тілші болып еңбек еттім. Осы саладағы жалпы еңбек өтілім 20 жыл.