«Қыздың болуы мүмкін барлық жерлерді, мекенжайларды тексердік, барлық бөлімшелерге бағдар жіберілді. Компьютерлік клубтар, ойын-сауық орындары тексерілді. Жедел іздеу шарасы бойынша полицейлер оны тапты. Оны көрген солтүстікқазақстандықтар полицияға хабарласқан. Қыз Мағжан Жұмабаев ауданы Молодежное ауылында болған. Ол интернетте жігітпен танысып, соған қонаққа барғаны анықталды. Қыз үйіне қайтарылды», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 15 жастағы Антонина Филиппованың жоғалғаны туралы шағыммен Петропавл ІІБ-ге мектеп әкімшілігі жүгінген. Факті бойынша іздеу жарияланды.