Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйек сағат 11:00 шамасында Петропавлдағы «Теплый канал» деп аталатын су қоймасының маңында облыстың 62 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Audi 80» және «Toyota Hilux Surf» автокөліктері соқтығысып қалды.
Салдарынан «Toyota Hilux Surf» автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай аударылып қалды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.
Полицейлер жүргізушілерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Маусымаралық кезеңде көлік құралдарының техникалық жағдайын тексертіп, қысқа әзірлеу қажет. Сондай-ақ оқу жылының басталуымен көшеде балалар саны артты, оқушылардың кейбірі жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібін білмейді.
Жыл басынан бері облыс жолдарында 193 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 25 адам қаза тауып, 287 адам жарақаттанды.