Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше сағат 12.40 минут кеткенде болған. Құтқару қызметіне Егеменді Қазақстан және Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында екі көліктің соқтығысып қалып, мамандардың көмегі қажеттігі жөнінде хабарлама түседі.
Оқиға орнына бірден жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі жіберілді.
Көшелердің қиылысында ВАЗ-2101 және АУДИ-80 автокөліктері соқтығысып қалған. ВАЗ-2101 автокөлігінің жүргізушісі қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған. Құтқарушылар деблокация әдісімен зардап шеккен ер адамды шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.