Петропавлда жол полициясының ғасырлық автокөлігі мұражайда сақталған
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұражай -1997 жылы Қазақстанның жол полициясының бес жылдығына орай арнайы ашылды.
Ал, полицияның бүгінгі тарихы көрсетілетін залда 2011 жылдың күзінде Тараз қаласында қауіпті қылмыскерді тоқтатып, өз өмірін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың былғары курткасы мен фуражкасы сақтаулы тұр.
«Бөлек стендте облысымызда алғашқы автобустардың, бағдаршамдардың пайда болу тарихы көрсетілген. Қызықты экспозициялар қойылған мұндай мұражайлар елімізде саусақпен санарлық», - дейді ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Евгений Райтенбах.
Облыстық Полиция департаменті басшылығының нұсқауы бойынша бұдан былай бұл мұражайда патрульдік және әкімшілік қызметке келген офицерлер мен сержанттар үшін айына бір рет экскурсия өткізіліп тұрады.
Жол полициясы мұражайының есігі облыс аудандары мен қала мектептерінің оқушылары және студенттер үшін әрдайым ашық. Экскурсияға қатысам дегендер 39-93-11 телефоны арқылы жазыла алады.