Петропавлда ЖОО-ның әскери кафедрасына түсуге бір орынға 6 студент таласты

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы жоғары оқу орнының әскери кафедрасына қабылдану үшін биыл 500 жас өтініш білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Қорғанысістері департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылдан бастап жоғары оқуорындарындағы әскери кафедраларда жастар тек грант негізінде оқиды. Биыл Манаш Қозыбаев атындағы СолтүстікҚазақстан мемлекеттік университетінің әскерикафедрасына 80 студент қабылданды.

«Студенттердіәскери кафедраға іріктеп алу үшін конкурс үш кезеңмен жүзеге асырылды: біріншікезеңде – наурыз және сәуір айларында студенттер жергілікті әскери басқаруоргандарында әскери-дәрігерліксараптаманы жүргізу қағидалары туралы ережеге сәйкес медициналықкуәландырудан өтті. Екінші кезеңде – 5-6 тамызда талапкерлер СҚМУ-да кәсіби-психологиялықтестілеуге қатысты. Үшінші кезеңде – 7-9тамыз аралығында «Динамо» стадионында дене дайындығынан сынақ тапсырды. Алдыңғы кезеңнен өтпеген талапкеркелесі кезеңге жіберілмеді», - деді СҚО ҚІД баспасөз қызметінің жетекшісі АйманӘбжапбарова.

Оқуғатүскен жастар әскери дайындықтың толық курсын екі жыл ішінде тегін меңгеріпшығады. Оқу орнын бітірген соң «запастағылейтенант» әскери шені беріледі.

СҚМУ-діңәскери кафедрасының басшысы Шайзатхан Әбжапбаровтың айтуынша, биыл 500-ге жуықстудент әскери кафедраға түсуге тілек білдірген. Бірақ басымдық бірінші курсты жақсыбағаға оқыған, моральдық-психологиялық тұрақтылық деңгейі және дене дайындығыжоғары жастарға берілді.

Мамандардыңайтуынша, былтыр да бір орынға 6-7 адамнан таласып, нәтижесінде 90 студентгрантқа, 45-і ақылы негізде қабылданды.

Соңғы жаңалықтар