«1 қыркүйектен бастап, жылжымайтын мүлкін заңдастыруға ниет білдірген 132 адам болды. Кеңес алу үшін де келетін адамдар бар. Көбіне жер учаскелеріндегі құрылыстар, монша, қораларды заңдастырады. Келіп түскен өтініштердің 48-і қанағаттандырылса, 31-і қайтарылды, 26 өтініш қанағаттандырылмады, 27-сі қаралу үстінде. Өтініштердің қанағаттандырылмауының негізгі себептері - құрылыстың жер учаскесінің мақсатты тағайындалуына сәйкес келмеуі, жер учаскелерінің заңдастыру субъектісінің жеке меншік құқығына жатпауы», - деді Қанат Барқытов.
15:56, 11 Желтоқсан 2014
Петропавлда жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша 132 өтініш келіп түсті
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша комиссияға науқан басталғалы бері қала тұрғындарынан 132 өтініш келіп түскен. Соның 48-і қанағаттандырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің заңдастыру бойынша комиссиясының хатшысы Қанат Барқытов.