Петропавлдағы тергеу изоляторына «Кезек-online» пилоттық жобасы енгізіліп жатыр
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Жаңа электронды кезек жүйесі тергеу изоляторына баруды ыңғайлы және қауіпсіз етуді мақсат еткен.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметінше, бұл — СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жоба.
Бұрын келушілер таңертең ерте, тіпті қараңғыда келіп кезекке тұруға, қағаз өтініштерді толтыруға және жеке мақұлдаулар мен анықтамалар алуға мәжбүр болды. Бұл уақытты алып, келушілер арасында жанжал туғызып, азаматтар наразылығын білдіріп жататын.
Енді тергеу изоляторына келмей ақ тәулік бойы Қазақстанның және әлемнің кез келген жерінен онлайн тіркелуге болады. Кезек автоматты түрде қалыптасады.
— Өтініштер онлайн режимінде беріледі және келісіледі, барлық бөлімшелер деректерді автоматты түрде алады, ал бастық өтінішті электронды түрде бекітеді. Анықтамалар мен құжаттарды енді жеке бармай-ақ қашықтан алуға болады. Мекеменің жұмыс кестесі, мереке күндері, тапсырыстарға шектеулер және келу ережелері туралы барлық ақпарат қосымшада қолжетімді, — дейді прокуратура қызметкерлері.
Бұдан бөлек, рush-хабарландырулар мен автоақпарат сапар уақытын, өтінім құзыры және қабылдау пункттерінің жүктемесін еске салады.
— Жасанды интеллект элементтерін қоса отырып, одан әрі цифрландыру және автоматтандыру жоспарланған. «Kezek-online» арқылы бұдан былай келіп, кезекке тұру қажет емес. Тергеу изоляторына келу барлығына ыңғайлы, қауіпсіз және ашық болады, — дейді мамандар.
Бұған дейін Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында электронды кезек жүйесі енгізілгенін жазған едік.