Петропавлдағы жаңа инновациялық жылыжай алғашқы өнімін бере бастады

Фото: https://www.facebook.com/gaueznurmukhambetov

Петропавлдағы заманауи жылыжай кешенінің алғашқы өнімі – қияр жергілікті сөреге түсті. Нысанның ашылуымен 60 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Kazinform.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жылыжай кешенінде болып, жұмысын көрді. Бұл жайында өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

Фото: https://www.facebook.com/gaueznurmukhambetov

«Жылыжай кешенінде күн сайын 6 тоннаға дейін қияр жиналады, толық қуатына шыққанда өнімділік 16 тоннаға дейін жетпек.

Фото: https://www.facebook.com/gaueznurmukhambetov

Біздің облыс үшін қияр тұтыну көрсеткіші тәулігіне 50 тоннаны құрайды. Жаңа жылыжайдың өнімі облыс сұранысының 30 % жауып, қыста бағаға әсер етеді. Солтүстік өңір үшін жылыжайдың болуы – қажеттілік. Солтүстікқазақстандықтар жаңа піскен көкөністермен жыл бойына қамтылады, әрі импорттық өнімге қарағанда арзанырақ. Жергілікті қияр қаламыздың супермаркеттерінде сатыла бастады.

Фото: https://www.facebook.com/gaueznurmukhambetov

Жалпы, жаңа жылыжайдан жылына 3 мың тонна қияр, қызанақ және салат жиналмақ.

Фото: https://www.facebook.com/gaueznurmukhambetov

«Зеленый север» серіктестігі жобаға 1,4 млрд теңге инвестиция құйды. Тағы 5,8 млрд теңгені «Солтүстік» ӘКК жеңілдетілген несие түрінде қаржыландырды. Мемлекет инженерлік желілерді тартуға да көмектесті. Бұл 4-ші буынды жылыжай кешені, Нидерланды елінің заманауи қондырғылары орнатылды. Жылыжайдың өз микроклиматы бар, бүкіл процесс компьютермен басқарылады», - деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов.

Фото: https://www.facebook.com/gaueznurmukhambetov