Петропавлдағы ардагерлер мен қоғам өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алды
10:38, 23 Маусым 2010
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше, бұрынғы Кеңестер Одағы халқының тарихында Ұлы Отан соғысының басталған күні болып енген маусымның 22-сі күні Петропавл ардагерлері мен қоғам өкілдері Отан үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.
Соғыс ардагерлері, облыстық және қалалық әкімдіктің жетекшілері, қоғам өкілдері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, ел тәуелсіздігі мен бостандығы үшін қаза тапқан барлық жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.