деп хабарлайды ҚазАқпарат.
М.Сарыбековтың сөзіне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы Гуманитарлық-техникалық университет екі жыл бойы лицензиясыз жұмыс істеп келген. «ЖОО-ға кезінде лицензия берілді. Бірақ ол мамандықтардың бұрынғы жіктелімі бойынша берілді, ал жаңа мамандықтар ашылғаннан кейін олар лицензияны жаңартуы тиіс болатын. Университет болса ескі лицензиямен жұмысын жалғастыра берген. Солай, білім туралы заңнамаларды өрескел бұзып келді», - деп атап өтті ол.
Вице-министрдің айтуынша, ҚР БҒМ-ның Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті аталмыш ЖОО-ны сотқа беріп, сот үдерісін жеңіп шыққан. «Сот шешімі бойынша аталмыш ЖОО ресми түрде жабылды. Бірақ бірде-бір студент «далада қалмайды». Студенттерді оларға әлеуметтік жағынан шығын келтірмейтіндей етіп басқа ЖОО-ларға ауыстыру мәселесі оңынан шешілуде», - деп қадап айтты министрлік өкілі.
Айта кетейік, Петропавл қаласындағы Гуманитарлық-техникалық университеті жалған лицензиямен жұмысын жалғастырып қана қоймай, жыл сайын сырттай оқу бөліміне студенттерді қабылдап келген. Қазіргі уақытта оқу орнының күндізгі бөлімінде оқыған 120 және сырттай бөлімнің бірнеше жүз студенті Білім министрлігі тарапынан көмек күтуде.