СҚО ТЖД мәліметінше, кешеннен 10 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өрттен қаза болғандар немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Шығындар анықталып жатыр.
«Өрт туралы хабар 17:44-те түсті. Мамандар оқиға орнына жеткен уақытта ғимарат қою түтінге көміліп, шатыр өртеніп жатқан. Өрт деңгейіне ең жоғары - үшінші санат берілді. 16 техника бірлігі және жеке құрамның 63 адамы тартылды»,-деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі
18:19 да басталған өрт сөндіру жұмыстары 18:40-та толықтай аяқталды.
Ғимараттың 120 шаршы метрі бүлініп, 30 шаршы метр шатыр бөлігі жанып кетті. Өрт шалған аумақтың жалпы көлемі 150 шаршы метр.