Осылайша италиялық спортшы Марчелло Ферридің нәтижесін жаңартты. Ферри 2 минут 1 секунд тұрса, Висельский 2 минут 7 секунд уақытқа дейін ілініп, бұрынғы рекордтан асып түсті.
Анатолий Висельский Тайынша ауданы Макашевка елді мекенінің тумасы.
11-сыныптан кейін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің дене шынықтыру факультетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін туған ауылына келіп, мектепте 6 жыл дене шынықтыру пәнінің ұстазы болды.
Кейін Петропавлдағы № 5 орта мектепке мамандығы бойынша мұғалім болып орналасады.
— Ойда-жоқта осы спорт түрінен рекорд жасағандар бар екенін білдім. Бірінші реттен-ақ әлемдік рекордтың нәтижесін қайталадым. Ал екі аптадан кейін Гиннесс рекордын жаңарттым.
Қыркүйек айында өтініш беріп, жарты жылдан кейін сертификатты қолыма алып отырмын. Ресми түрде Гиннесс рекордтар кітабына ендім, — дейді петропавлдық ұстаз.
Бұған дейін Новак Джокович ерекше рекорд орнатқанын жазған едік.