Медицина қызметкерлерін құттықтаған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов: «Ағымдағы жылдың маусымында Петропавл қаласында 80 пәтерлі коммуналдық жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешеді», - деп атап өтті.
Алаңға жиналған медициналық колледж түлектеріне аймақ басшысы солтүстікқазақстандық студенттердің Қазақстанның медициналық ЖОО-на оқуға түсуі үшін 100 грант бөлінгендігін жария етті.
Салтанатты жиын барысында денсаулық сақтау саласының көптеген мамандары облыс әкімі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.