Петропавлдық шебер киізден киім тігеді
ҚР Суретшілер қауымдастығының мүшесі Вера Имашбаеваның айтуынша, ол кестелеу, тігу, шілтері және моншақ өрумен, одан басқа да көптеген қолөнер түрлерімен айналысады.
Өңірдегі алғашқы қолөнершілердің бірі болып ерекше техниканы - фелтингті меңгерген. Киізбен көркемдеу, өңдеу ісі Вера Имашбаеваны еліктіргені соншалық, ол осы материалдан киім тіге бастаған. Алғашқыда дәстүрлі қазақ кілемдерін - сырмақ пен текеметті басады.
Кейіннен киізден кәдесыйлақ, ойыншықтар, әшекейлер жасап, авторлық бас киімдер, жәкеттер, пальто тігуді қолға алған. Вера Имашбаева сәндік паннолар жасайды. Киіз өнері түрлі жанрларда әзірленіп, ерекше әсерге бөлейді.
Суретші киізден жасаған жұмыстарымен Алматыда өткен халықаралық киіз симпозиумына Солтүстік Қазақстан облысының атынан қатысты. Сондай-ақ, Астанада өткен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен суретшілерінің шығармашылық көрмесінде жұмыстарын таныстырды.
Мұражай мамандарының айтуынша, Вера Имашбаеваның жұмыстарын тану оңай, себебі оның өзіндік қалыптасқан стилі бар. Оның жұмыстары Қазақстанның жеке коллекцияларында, соның ішінде Роза Рымбаеваның, Ресей, Германия, Швеция, Англия, Канада мен АҚШ-та қойылған.