Қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің басшылығымен өткен отырыста қала автобустарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қала тұрғындары автобустардың салоны таза емес әрі суық деп шағымданды. Полиция азаматтардың өтініштері бойынша рейд жүргізіп, автобустардың техникалық ақаулары туралы 11 хаттама толтырылды.
«Кездесуде екінші деңгейлі банктер мен «Даму» қорынан несиелеу шарттары талқыланды. Жолаушы тасымалының сапасын жақсарту үшін ескі машиналарды үлкен әрі заманауи автобустарға алмастыру қажет екені түсінікті», - дейді әкімдік баспасөз қызметіндегілер.
Автобус паркін жаңалау жұмыстары басталып кетті. Үш жаңа автобус әкелінді, ақпандағы тағы үшеуі келеді.
Күн сайын Петропавлда 300-ден астам қоғамдық көлік құралы қызмет етеді.