Петропавлдың ботаникалық бағында сакура гүлдеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл ботаникалық бағы сакураның гүлденуіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сакура ақпан айының ортасынан сәуір айының басына дейін гүлдейді. Бұл аралық Жапонияда «ханами» - «гүлге қарау» деп аталады. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да ботаникалық бақтан сакураның гүлдегенін тамашалай алады.

Бұл сакураны Петропавл оранжереясын құрушы, ҚР Еңбек сіңірген агрономы Равиль Рязапов 1972 жылы Вьетнамнан әкелген. Бірнеше жыл бұрын қатты желден ғимараттың шатыры ұшып, ағаш суыққа үсіп кетті. Бірақ, жас бұталары сақталып қалды және жыл сайын бұтақтар гүлдеп тұрады