Петропавлдың қала маңындағы дәмханада болған атыс салдарынан екі адам зардап шекті
18:00, 28 Желтоқсан 2009
ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлдың қала маңындағы дәмханада болған атыс салдарынан екі адам зардап шекті.
Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өткен сенбі күні кешке «Привал» дәмханасында ішіп алған екі жігіт ерегісіп қалады. Соның салдарынан 26 жасар петропавлдық «ОСА» тапаншасынан оқ атады. Облыс орталығының 26 жасар тұрғыны - басына тиген оқтан ауыр жарақат, оның серігі шүйдесіне жанамалап тиген оқтан жеңіл жарақат алады. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына қалалық ішкі істер басқармасының шұғыл-тергеу тобы келіп жетті. Жиналған шұғыл ақпарат күдіктінің кім екенін және оны ұстаудың шараларын белгілеуге мүмкіндік берді.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабына сай іс қозғалды.