Петропавлдың жаңартылған бас жоспары 2019 жылдың соңында бекітіледі

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың бас жоспарына өзгертулер енгізу, алты ықшамауданды дамыту және абаттандыру мәселелері облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысқан қалалық құрылыс кеңесінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, өңірдебылтырмен салыстырғанда құрылыс көлемі 12 % өскен. Облыс орталығындабюджеттікпен қатар жекеменшік құрылыс та қарқын алған. Ал қаланың бас жоспарызаман талабына сай емес. Соңғы рет 2007 жылы өзгертулер енгізілген.Сәулетшілердің пікірінше, Петропавл жинақы шаһар болып қала беруі керек. Олүшін ескі үйлер сырылып, орнына жаңа нысандар бой көтеруі тиіс. Былтыр облысорталығында 600-ден аса үй сүрілді, биыл бұл жұмыс жалғасынтабуда. Жаңа бас жоспар жыл соңына дейін дайын болады.

«Қаланы ұлғайтудың қажеті жоқ. Ол көп қаржыны талап етеді.Біз ескі ғимараттардың орнына жаңа баспана мен нысандарды салуды жалғастырабереміз», - деді Құмар Ақсақалов.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыстақаладағы шағын аудандардың дамуы туралы да сөз болды. «Жас Өркен», «Шығыс»,«Юбилейный», «Береке» және «Копай» аудандарында жаңа баспана, әлеуметтікнысандар бой көтермек.

«Біз былтыр «Копай» шағынауданына желілерді тартудыжоспарладық. Қазір бүкіл қала арқылы инженерлік желілерді сол жерге жеткізіп,ауданды дамытпақ ойымыз бар. Құрылысты кешенді түрде жүргізу керек», - дедіҚұмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар