Петропавлға Қазақстан өңірлерінен 200 полицей жиналды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңірге көрші облыстардан 200 полицей келген. Олар XV Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумы кезінде қоғамдық тәртіпті сақтайды.

«Таяу облыстардың полиция күштерін жұмылдыру - ірі қоғамдық-саяси шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің сыналған тәжірибесі», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Көліктер мен колонналарды алып жүру үшін қосымша автопатруль экипаждары да келді.

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 9 қараша күні Петропавлдағы Жамбыл көшесінің форум өтетін бөлігі жабылады. Автокөліктер басқа көшелермен әдеттегідей қозғала береді.