Мамандар қаскүнемдердің инфрақұрылымына, сондай-ақ құралдар мен сызбаларына, шабуыл мақсаттарына талдау негізінде осындай тұжырымға келген.
«Бұл топ қызметінің артында кім тұрғанын нақты анықтау қазір мүмкін болмай отыр», - деп атап өткен компаниядан.
27 маусымда Petya вирусы Украина, Ресей, Италия, Израиль, Сербия, АҚШ және басқа елдердегі компьютерлік жүйелерге шабуылдады. Вирустың таралуы украиналық ұйымдардан басталды.
Қаскүнемдер құрбандардың компьютерлерін бұғаттап, ішіндегі ақпарат үшін биткоин желісімен 300 доллар көлемінде төлем талап етті. Кейіннен мамандар хакерлер шифрланған деректерге қолжетімділікті қалпына келтіруді жоспарламағанын, оларды жоюды мақсат тұтқанын анықтады.