— Біз келіссөздер жолында ақылға қонымды ұстанымға сүйене отырып, алға жылжуға тырысып жатырмыз. Алайда агрессиямен және қарсыластарымыздың кез келген орынсыз әрекетімен келісуге ниетті емеспіз, — деді ол.
Иран президенті Тегеранның қорлыққа төзбейтінін және өзін қорқыту әрекеттеріне қарсы тұратынын ескертті.
Соңғы айларда Иран мен АҚШ арасында қарулы қақтығысты тоқтату мәселесіне қатысты келіссөздер делдалдар арқылы мезгіл-мезгіл жүргізіліп келеді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттерді 2027 жылдың қаңтар айының соңына дейін қаржыландыруға қаражат жеткілікті екенін мәлімдеген болатын.