«Халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасуда. Бірінші компонентті 8,8 миллионнан астам адам қабылдады. Бұл вакциналауға жататын ересек халықтың 77,5%-ын құрады. Екінші компонентті 8,2 миллионнан астам адам салдырды. Яғни, екпеге жататын ересек тұрғындардың 72,5%-ы қамтылды. Қазақстан халқының жалпы санымен алсақ, бірінші компонентпен қамту – 47,2%, екінші компонентпен қамту – 43,3% болды», - деді ведомство басшысы.
Министрдің сөзіне қарағанда, Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентін бүгінгі таңда 128 174 жасөспірім және 31 747 жүкті және бала емізетін әйел алған. Ал екінші компонентті - 5 592 адам қабылдаған.