НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакциналау үшін Pfizer вакцинасы басқа да санаттарға қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қазір мәселені қарап жатырмыз. Қазір ведомствоаралық комиссия аясында жаңа шешім әзірленуде. Тіпті ол осы аптада жариялануы мүмкін. Онда азаматтарымыздың басқа да санаттары Pfizer вакцинасын салдырып немесе ревакцинация жасай алуы айтылады», - деді А. Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.
Бұған дейін Үкімет басшысы ревакцинацияны міндетті түрде жасайтынын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ, Асқар Мамин «Сбербанкпен» не үшін жұмыс істеу қажеттігін түсіндірді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.