Pfizer вакцинасын жеткізу мен сақтау жұмыстары қалай жүреді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Pfizer вакцинасын жеткізу мен сақтау жұмыстары қалай жүретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта вакцинаны сақтау шарттары –-70 градустық температура болып отыр. Келісімдерді ескере отырып, жеткізу бойынша жұмыс жүргізудеміз. Біз суық тізбекті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізетін боламыз. Біз суық тізбек мәселесіне үлкен мән береміз. Ең бастысы аумақтық комитеттер бұл бақылауды жүзеге асырады», -деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Pfizer» компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында вакцина жеткізу бойынша алдын ала келісім бекітті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді ету керектігі туралы тапсырма берген еді.