Пхеньян катерге оқ атқаны үшін Сеулден кешірім талап етті

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Пхеньян бүгін Сары теңізде орын алған оқиға үшін Сеулден кешірім сұрауды талап етті.

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары осының алдында Сары теңіз айдынында Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Кореяның әскери кемелерінің арасында атыс  болғанын хабарлаған болатын.

Корея Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, солтүстіккорейлік шолғыншы катері Пэннендо аралы маңында теңіздегі шекараны бұзған. Сондықтан  оңтүстіккорейлік кеме оған ескерту ретінде оқу атуға мәжбүр болған.

Солтүстік Корея катері  де оларға оқпен жауап қайтарған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, солтүстіккорейлік кеме зақымданған.