Солтүстік Кореяның пайымынша, бұл әскери жаттығу арандатушылық болып табылады және оның салдары дағдарысқа соқтыруы мүмкін.
Бұған жауап ретінде Сеул тарапы осындай дайындық жыл сайын өткізіліп келгенін, сондай-ақ оның мақсаты қорғаныс іс-қимылдарына негізделгенін алға тартуда.
Алайда, өткен жылғы оқу-жаттығу, сонымен қатар Пхеньянның ядролық сынағы Корей түбегіндегі шиеленісті ушықтыра түсті.