АСТАНА. ҚазАқпарат -XXIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар басты үміт артып отырған шаңғышы Алексей Полторанин бүгін Пхенчхандағы олимпиадалық қалашыққа барып орналасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Олимпиадада ерлер арасындағы шаңғы жарысының кестесі келесідей:
11 ақпан - Скиатлон, 15 15 шақырым (басталуы 12:15)
13 ақпан - Спринт, классикалық стиль (басталуы 18:35)
16 ақпан - 15 шақырым, еркін стиль (басталуы 12:00)
18 ақпан - Эстафета, 4х10 шақырым (басталуы 12:15)
21 ақпан - Командалық спринт, еркін стиль (басталуы 16:30)
24 ақпан - Масс-старт, 50 шақырым, классикалық стиль (басталуы 11:30)
Естеріңізге сала кетейік, XXIII қысқы Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяда 9-25 ақпан аралығында өтеді. Доданың ресми ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ұстап шығады.
Байрақты додаға Қазақстан құрамасы 57 жолдама жеңіп алды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.