Әзірге Қазақстан құрамасында фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальдан басқа жүлде жоқ.
Осы уақыттағы көрсеткіш бойынша, жалпы есепте бірінші орынға Германия құрамасы орналасып отыр. Олар 9 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен өзге қарсыластарынан оқ бойы озып тұр.
Сондай-ақ бүгін екінші орынға Норвегия елінің құрамасы көтерілді. Олардың еншісінде әзірге 6 алтын, 7 күміс және 4 қола медаль бар.
Ал үздік үшінші орынды Нидерланды елінің құрамасы түйіндеп тұр - 5 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль.
АҚШ құрамасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен - төртінші, 4 «алтын», 5 «күміс» және 4 «қоласы» бар Канада бесінші орынға орналасып отыр.