ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының екінші күні 6 мемлекет түрлі құндылықтағы медальдарды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін Ақ Олимпиаданың алғашқы медалін 7,5 шақырымдық спринтте Швеция спортшысы Шарлотта Калла жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Олимпиададағы бүгінгі күннің жалпы есебі бойынша, бірінші орында Германия спортшылары келеді. Олардың еншісінде 2 «алтын» бар. Екінші орында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальдармен Нидерланды құрамасы тұр. Үшінші орынға әзірге бір «алтынмен» Оңтүстік Корея орналасып отыр.
Қазақстан қоржынында әзірге медаль жоқ.
Еске салайық, бүгін спортшыларымыз шаңғы жарысы, шорт-трек, шана спорты және биатлоннан сынға түсті.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.