Пхенчхан Олимпиадасының бас аспазы елордалықтарды корей тағамдарымен таныстырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пхенчханда өткен Олимпиада ойындарының бас аспазы Хан Чуль Бэ Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын корей ұлтының тағамдарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы «Мэрриот» қонақүйіндекорей тағамдарының кеші өтті. Фестиваль осымен екінші мәрте ұйымдастырылыпотыр.

«Кореялық ас үй бүтін әлемде өтетанымал. Кореяда ең үздік аспаздардың басын қосқан арнайы ұйым бар. Оларды корейас үйінінің танымалдылығын арттыру және тренингтер өткізу үшін әлем елдерінежібереді. Бұл институт Корей ұлттық орталықтары арқылы жұмыс істейді. Олар бағдарламағақатысу үшін жергілікті қонақүйлерді ұсынып отырады. Міне, бұл іс-шараНұр-Сұлтан қаласында да тамаша өтті», - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚазақстандағыКорей елшісі Ким Дэсик.


Корей ас үйінің шебері, ұлттықколлегияның төрағасы Хан Чуль Бэ елордалықтарды өзі дайындаған тағамдардан ауызтигізді. Олардың арасында – балқарағай жаңғағынан жасалған тұздық қосылғантеңіз өнімдері, тауық етінен жасалған пунш және жаңа піскен жемістер, адамшөп пентауық етінен жасалған көже бар.

Елші Ким Дэсик өз ұлтының және қазақтардыңкейбір тағамдары ұқсас келетінін жеткізді.

Сондай-ақ, оның айтуынша,депортацияланған корейлер өздерінің ұлттық тағамдарына қазақ асыныңэлементтерін қосқан. Бұдан олар одан әрі дәмді бола түскен.

«Корейлер қан қосылған шұжық –сундэні әзірлейді. Ол сиырдың ішегін қайнату немесе буда ұстау жолымендайындалады. Оған алдын ала түрлі қоспалар салынады. Бұл тағам қазыға немесешұжыққа ұқсайды», - деп бөлісті ол.



Соңғы жаңалықтар