ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчханда қатты соққан жел көшелерде шатырларды құлатып, Олимпиада жалауларын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, көптеген жерлерде нысандарға олимпиадашыларды тексеріп кіргізіп, тексеріп шығару үшін құрылған шатырлар қирады. Ал Олимпиада жалаулары аспанда қалықтап жүр. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолына қамыстан тоқылып, төселген төсеніштерді қатты боран ықтасын жерлерге апарып үйіп тастаған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін өтуге тиісті тау шаңғы жарысын 16 ақпанға ауыстырғанын хабарлаған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.