Бұл туралы аталған елдің Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мәлімдеді. Аталған ақпаратта «Олимпиада қалашығына қош келдіңіздер! атты арнайы іс шара 1-ші ақпан, яғни бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де басталады», - деп көрсетілген.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық спортшылардың алғашқы легі Пхенчханға 1-ші ақпан күні барып орналаса бастайды. Ал соңы 7-ші ақпанға дейін жетіп болуы тиіс. Бұл күні Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиадаға 57 жолдама жеңіп алған болатын. Отандастарымыз спорттың 9 түрінен сынға түседі. Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді.