Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңір басшысы спортшыларға 500 мың теңгеден сыйақы тапсырды. Шаңғышы Александр Герлицке 1 миллион теңгенің сертификаты берілді.
«Біз жерлестеріміздің шеберліктеріне тәнті болып, жарыстарды тамашалап отырдық. Паралимпиадаға Қазақстан атынан қатысқан жеті спортшының төртеуі СҚО спортшылары»,-деді Құмар Ақсақалов.
Сонымен қатар әкім бапкерлерді де назардан тыс қалдырған жоқ. «Үміт» спорттық клубында мүмкіндігі шектеулі жандарды жаттықтырып отырған ерлі-зайыпты Дробязколарға облыс басшысы алғыс хаттармен бірге ақшалай сыйлық табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, қостанайлық шаңғышы Александр Колядин аяғындағы протезге қарамастан 1,5 шақырымдық спринтте Паралимпиада чемпионды атанды, сонымен қатар СҚО шаңғышысы Александр Герлиц 20 шақырымдық жарыста жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
45 жастағы А.Колядин мемлекет тағайындаған 250 мың АҚШ долларын алады. Сонымен бірге оның бапкері де қомақты қаржылай сыйақыға ие болады.