ПХЕНЧХАН. Қазақпарат - 9 наурыз күні Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы Олимпиадалық стадионда 2018 жылғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан туын шаңғы жарысына қатысатын Қайрат Қанафин алып жүрді.
Паралимпиадалық ойындарда 6 спорт түрінен 80 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы дода 9-18 наурыз аралығында өтеді.
Қазақстан атынан бұл байрақты бәсекеде 6 адам екі спорт түрінен - шаңғы жарысы және биатлон сайысында бақ сынайды.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.