Пхенчхандағы тау шаңғысы жарысы желге байланысты кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхандағы қатты желге байланысты тау шаңғысы жарысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық спортшы Мария Григорова қатысатын жарыс 15 ақпанға қалдырылды», - деп хабарлайды ҰОК.

Бұған дейін хабарланғандай, Мария Григорова бүгін жарысқа шығуы керек болатын, финал Астана уақытымен сағат 10:45-ке жоспарланған.

Сонымен қатар бүгін қазақстандық спортшылар қатысатын (Дмитрий Рейхард та бар) биатлон, фристайл және конькишілердің жарысы бар.