Пхёнхчандағы олимпиада нысандарына 85 робот жұмылдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхёнхчанның олимпиада нысандарына - жарыстан өтетін жерлерге, медиа және Олимпиада ауылдарына  85 робот тартылды.

Бұл туралы ТАСС Ойындардың ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап хабарлады. 

Робот-гидтер жарыстардың кестесі мен туристік ақпараттар туралы хабарлап, басты баспасөз орталығында сусындар таратуда, сондай-ақ робот-сыпырушылар да жұмыс істеп жатыр.

«Балық роботтары» - 30 сағат бойы 5 метр тереңдікте жүзе алатын механикалық тұқылар да ерекше көзге түсуде. Тағы 10 робот қабырғаларға көркем сурет салып, көпшілікті таңғалдыруда.

Пхёнчхандағы роботтар арасында Ойындар басталмай тұрып, олимпиада алауы эстафетасына қатысқан HUBO роботы ең маңызды жұлдыз саналды.

Оны Корея озат технологиялар институты жасап шығарған.

Ойындарда жалпы 11 түрлі жасанды интеллекті бар көмекшілер таныстырылмақ.