Компанияның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, ол бұл лауазымды алдағы 4 жыл бойы жүзеге асырмақ. Оның кандидатурасы Амстердамда акционерлердің жалпы жиналысында бекітіліп, бұл шешім 1 сәуірден бастап өз күшіне еніп отыр. Онда сондай-ақ, компанияның басқа да басшы тұлғалары қайта сайланды. Акционерлер жиналысында сонымен қатар, 2010 жылдың жылдық дивиденд төлемінің көлемін 1 акцияға 0,75 еуро деп бекітті. Ол акционерлердің өз қалауы бойынша биыл ақшалай және акция түрінде төленетін болды.
Штаб-пәтері Нидерландыда орналасқан халықаралық бұл компанияның әлемнің 60-тан астам елінде өз өкілдігі бар. Онда қазір 119 мың адам жұмыс жасайды. Компанияның сауда-саттығының көлемі былтыр 25,4 миллиард еуроны құрады.