Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, байқауды ұйымдастыруды политехникалық колледж бен медиа-контентті әзірлеуге бағытталған бағдарламалық қамтамасыз ету төңiрегiдегi дүниежүзілік жетекші компаниялардың бірі Adobe Systems Inc. қолға алатын болады. Дизайнерлік жарысқа ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Астана қалалық Білім беру басқармасы қолдау көрсетті. Оған елдің барлық облыстарынан 120-дан астам мектеп, колледждер мен ЖОО-лар студенттері қатыспақ.
Байқау оқушылар мен студенттер үшін бағдарлама өнімдерін қаншалықты игергендігін білуге және дизайн саласында шығармашылық дарынын паш етуге үлкен мүмкіндік береді. Оның шеңберінде қатысушылар коллаж, жарнама, веб-сайт жасау салаларында өз күштерін сынайтын болады.
Оқытушылар мен жетекшілер үшін бағдарламалық өнімдер, технология мен әдістемелер бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі. Байқаудың шарттарын мына сайттан білуге болады: https://www.crystalpixel.polytech.kz/