Пхукеттен ауыр халде жеткізілген сәби алматылық дәрігерлердің арқасында аман қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Пхукет қаласынан ауыр халде жеткізілген шала туған сәби екі айға жуық уақыт дәрігерлер бақылауында болып, кейін үйіне шығарылды.

Фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кішкентай Аслан небәрі 1 ай 18 күндік кезінде санитариялық авиация арқылы Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілген. Оның жағдайы ауыр болған: дене салмағы өте төмен, асқынулар анықталған.

Сәби бірден жаңа туған нәрестелердің анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер тексеру барысында өміріне қауіп төндірген ішек перфорациясын анықтап, шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдады.

Балалар хирургтері күрделі ота жасап, сәбидің өмірін сақтап қалды. Отадан кейін Аслан неонатологтер, реаниматологтер, хирургтер мен мейіргерлерден құралған мамандар тобының тәулік бойғы бақылауында болды.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Екі айдан астам уақыт ішінде нәрестенің жағдайы біртіндеп жақсарған. Оның салмағы 1 200 грамға өсіп, қазір 2 500 грамға жетті. Бүгінде сәби өздігінен тыныс алады, табиғи жолмен тамақтанады және оңалтудың келесі кезеңін үй жағдайында жалғастырады.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Абай Құсайыновтың айтуынша, баланың өмірін сақтап қалуға уақтылы ұйымдастырылған медициналық эвакуация, жедел диагностика және дәрігерлердің үйлесімді жұмысы мүмкіндік берген.

— Сәбидің отбасы қымбат медициналық көмектің толық көлемін мемлекет есебінен тегін алды, — деді ол.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан санитариялық авиация жүйесі арқылы шұғыл медициналық эвакуация ұйымдастыратын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет болып отыр.

Еске салайық, бұған дейін