Пианиношы қоштасар сәтінде бүкіл Еуропаны «жылатып» кетті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Прага әуежайында пианиношы жігіт күйсандықта ойнап, жолаушылардың қошеметіне бөленді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Музыканттың классикалық және заманауи композицияларды ойнаған бейнеролигі YouTube-қа салынған 7 күн ішінде жеті миллионға жуық көрілім жиған.

Кейін анықталғандай, бұл жігіт ливандық пианиношы екен. Бұл видео оның Еуропада болып, өз еліне аттанғалы тұрған сәтінде түсірілген. Осы сапары барысында ол өзінің сүйікті аспабында бір аптадан астам уақыт ойнамаған екен, сондықтан сағынышын басу үшін әуежайдағы күйсандықты көрісімен сезіміне ерік берген.