Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына инновациялар мен энергоресурс сақтау технологияларын енгізу», деп аталатын конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде өз жоспарымыз бойынша Пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) республикалық қауымдастығымен бірлесіп пәтер иелері кооперативтері басшылары мен қызметкерлеріне 8 семинар өткіздік. Олар ПИК сұранысы бойынша солтүстік облыстарда болды. Біз оны ұйымдастырудың алдында ПИК-тердің қызығушылығын анықтадық», дейді «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның департамент директоры Есенбай Исламов. Оның айтуынша, семинарда заңгерлердің ақыл-кеңесі ғана емес, алдыңғы қатарлы ПИК тәжірибелері де ортаға салынады.
«ПИК жұмысы өнімді болу үшін тұрғын үй пәтерлерінің иелері де белсенді болулары керек. Олар тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы мәселелерді шешуге атсалысуы қажет. Қазір біз ПИК басшылары мен қызметкерлеріне арналған семинарлар мен конференцияларды өз қаржымызға тегін өткізіп жатырмыз. Келесі жылдан бастап ол бюджеттік бағдарлама болады деп жоспарлануда», дейді Есенбай Исраилұлы.