Жәдігерлерді Пабло Пикассоның немересі, суретшінің үлкен ұлының қызы - 65 жастағы Марина Пикассо сатпақ. Ұсынылған барлық туынды шеберханада сақталған, бұдан бұрын жұртшылыққа көрсетілмеген. Сауда-саттық Лондонда 2016 жылғы 5 ақпанда өтеді. Оны Sotheby's бәссауда үйі жүргізеді.
Марина 1975 жылы 10 мыңға жуық затты атасынан мұралыққа алған. Өткен жылғы шілдеде ол атасының 126 керамикалық жұмыстарын бәссаудаға қойып, 12,3 млн. фунт стрелинг алған.