Пикассоның «Алжир әйелдері» картинасы - тарихтағы ең қымбат шығарма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркетегі «Christie's» бәссаудасында Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері» картинасы рекордты суммаға, яғни 179, 365 млн долларға сатылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Бұл картина осыған дейін сатылған өнер туындыларының ішіндегі ең қымбаты болып отыр. Оны суретші кубизм стилінде 1955 жылы салған.