Пикассоның картинасы 140 млн. долларға сатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Christie's аукцион үйі Пабло Пикассоның «Алжир әйелдері» («О» нұсқасы) картинасын саудаға қояды. Еңбек $140 млн. бағаланды. Егер сатып алушы табылса, онда бұл картина тарихтағы ең қымбат өнер туындылардың біріне айналады, деп хабарлады Bloomberg.

1955 жылдың картинасы 11 мамырға жоспарланған «Взгляд вперед в прошлое» аукционы аясында сатылады. Осыған дейін ол 1997 жылы аукционға қойылған. Ол кезде оның құны $31,9 миллионды құраған.

Картинада бір топ куртизанка бейнеленген. Пикассо оммаждың 15 нұсқасын жазған. Әрбірін А-дан О-ға дейінгі әліпби әріптерімен белгілеген. Christie's төрағасы Бретт Горвидің сөзіне қарағанда, соңғы «О» нұсқасы" - бұл сериядағы үздік картина.